Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты байқау өтті

    Аудандық орталық кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты байқау өтті. Байқау шартына сәйкес бірінші кезеңде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, екінші кезеңде көрініс көрсетіп, үшінші кезеңде өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Қазылар алқасының шешімімен  Ақсуат ауылынан  А.Жеңісқызы  бас жүлдені, Қызыл-кесік ауылынан Н.Сенғажиева бірінші орынды, Көкжыра ауылынан Е.Жеңісов  екінші орынды, Тана- мырза ауылынан А.Амангелдинова үшінші орынды иеленді. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына  ие болды. «Өзіңсің поэзия пайғамбары» атты кітап көрмесімен таныстырылды.