Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Қызметтік әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті

    Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру, талаптарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілермен семинар өткізіліп, семинар аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми кеңесімен ұсынылған «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы (қалталық әдеп кодексі) мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында  мемлекеттік қызметшілерге таратылып берілді.

    Бұл нұсқаулық мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша қысқаша нұсқау ретінде ұсынылғанымен, мұнда лауазымды тұлғалардың мінез-құлық нормалары, олардың әріптестерімен өзара қарым-қатынасы мен қызметтік және қызметтік емес қарым-қатынастардың қағидаттары қарастырылған мысалдар келтірілген. Осы нұсқауды қолдану халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

    Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп отыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

    Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер әдептілік сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда қалталық әдеп кодексін (Pocketbook) басшылыққа алатын болады.

    Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының
    әдеп жөніндегі уәкілі Е. Ескендиров