Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Тарбағатай ханшайымы» атты байқауы өтті

    Қазіргі заманғы қазақ қызының имиджін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптей отырып, әйелдер қауымын мәдени ортада таныту мақсатында Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында, ауданның 90 жылдығына арналған жұлдызды шара «Тарбағатай ханшайымы» атты сұлулық байқауы өтті.

    Байқау қорытындысы бойынша Ханшайым тәжі мен бәйгеге тігілген 100000 теңгені ақылына көркі сай ең сұлу ару Кіндікті ауылынан келген Қайыртаева Еркежан жеңіп алды. І-орынды Т.Қуандықова /Қызыл кесік/, екі ІІ-орынды А.Нұртаева /Екпін/, Н.Назарова /Ақсуат/ бөлісті. Үш ІІІ-орынды А.Мұратханова /Ақсуат/, А.Кеңесханова /Ақжар/, Ж.Қалымбекова /Ақсуат/ алды. Сонымен қатар «Тарбағатай қызғалдағы» аталымы Ж.Қабдулшарипова /Ойшілік/, «Қыздың құны қырық жеті» Б.Өрлеу /Жәнтікей/, «Ең үздік кештік көйлек» Б.Махмұтова /Құмгөл/, «Ең үздік ұлттық киім» Н.Есқожаева /Тұғыл/, «Зерделінің ойы озық» Т.Жанарбекова /Көкжыра/, «Көрермен көзайымы» аталымы М.Ерланқызына /Ақсуат/ берілді.