Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Жемқорлыққа жол жоқ

    2018 жылдың 6-шы сәуір күні Тарбағатай ауданында «НұрОтан» партиясы жанындағы аудандық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

    Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округтердің мамандары, мекеме-бөлім басшылары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

    Отырыстың күн тәртібі бойынша: Тарбағатай аудандық прокуратурасының қызметкері, кіші әділет кеңесшісі Р.Төлегенов, аудандық әділет басқармасының басшысы Е.Бақтияров, Ойшілік ауылдық округінің әкімі С.Ығиев, К.Нұрбаев атындағы орта мектептің директоры Е.Апсалямов және №2 Ақсуат орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сұлтанбековалар баяндама жасады.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағанда жемқорлыққа қарсы күреске бұқара халықты жұмылдыру; Заңды, «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» орындау; жемқорлықтың шығуына жол берген адамдарды қатаң жауапқа тарту; Азаматтардан түскен арыз-шағымдарға сергек қарап, уақытында жауап қайтару; Кейбір мәселелер бойынша рейдтер ұйымдастыру;  басшылардың БАҚ-тарға мақала жазуы; Әр мекемеде заңды және бағдарламаны орындауға байланысты жоспар жасап, жұмыс істеу; «НұрОтан» партиясы мүшелерінің «Әдеп кодексін» барлық мекемелерде көрнекті жерге ілу мәселелері  айтылды.