Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Шырайлы шығыс» атты турне-концерт

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімі Д.Ахметовтың тапсырмасымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Ертіс концерт» мекемесінің ұжымы 9-11 сәуір аралығында Тарбағатай ауданы тұрғындары үшін «Шырайлы шығыс» атты турне-концертпен Ақсуат, Ақжар, Тұғыл, Жетіарал, Көкжыра ауылдарында гастрольдік-шығармашылық сапармен барып қайтты.

    Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының балаларға арналған А.Салбановтың «Ормандағы оқиға» ертегісі, У.Ғаджибековтың «Аршын мал алан» атты мюзикл спектаклі, «Байжігіт» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі және облыстың үздік өнер шеберлері ҚР Мәдениет қайраткері, профессор А.Нұрғожина, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ғ.Азубаев және оның хореографиялық ұжымы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Н.Қабдоллаева, Халықаралық байқаулардың лауреаты С.Акелеев, дәстүрлі әншілер Ә.Тойғанбаев, М.Хадыхан  қатысқан гала-концерт, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұсынған Шығыс Қазақстанның жануарлар дүниесі, археологиялық қазба жұмыстары көріністерін 10 мыңнан аса көрермен  тамашалады.