Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Қойнауына құт қонған-Тарбағатай» атты аудандық байқау қорытындыланды

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Астана қаласының 20 жылдығы, Халық қаhарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толу, қоғам қайраткері Танамырза Тілемісұлының 215 жылдық мерейтойы, Тарбағатай ауданының 90 жылдық мерейлі мерекелеріне үн қосу, халықтың рухын көтеру, ауыл көркемөнерпаздарының шығармашылығын дамыту мақсатында ауылдық округ көркемөнерпаздары арасында «Қойнауына құт қонған - Тарбағатай» атты аудандық байқау Кіндікті, Қызыл-кесік, Жәнтікей, Сәтбаев, Көкжыра, Екпін, Құмкөл, Ойшілік, Ақсуат, Тұғыл, Маңырақ, Жетіарал, Қабанбай, Қарасу, Жаңаауыл, Құйған, Ақжар,  ауылдарында өтіп, Ақсуат және Ақжар мәдениет үйлерінде қорытындыланды.

    Концертке 1800-ге тарта өнерпаз қамтылып, 3500-ға тарта көрермен тамашалады.

    Ақсуат аймағы бойынша Бас жүлде Ақсуат ауылдық округі өнер ұжымына, І -орын Ойшілік және Қызыл- кесік ауылдық округтерінің өнер ұжымдарына, ІІ- орын Көкжыра және Кіндікті ауылдық округтерінің өнер ұжымдарына, ІІІ- орын Құмкөл, Сәтбаев, Екпін, Ырғызбай ауылдық округтерінің өнер ұжымдарына берілді. Ал Ақжар аймағы бойынша Бас жүлде Ақжар ауылдық округі өнер ұжымына, І- орын Маңырақ және Құйған ауылдық округінің өнер ұжымдарына, ІІ- орын Жаңаауыл, Жетіарал, Тұғыл ауылдық округінің өнер ұжымдарына, ІІІ- орын Қарасу және Қабанбай ауылдық округінің өнер ұжымдарына берілді.

    Барлық ауылдық округтерге аудан әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар берілді.