Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі тойланды

    9 мамыр күні орталық алаңда Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді. 

    «Белгісіз жауынгер» монументінің алдына гүл шоқтары қойылып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етілді.

     Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлерді Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаев құттықтады. Орталық алаңда ардагерлер жас сарбаздардың салтанатты шеруін тамашалады. Аудан өнерпаздары ардагерлерге арнап мерекелік концерт қойды.

    Жеңіс күні мерекесі аудан тұрғындарына арналған концертпен жалғасты. Концертте аудан өнерпаздары,  жас бишілер өнер көрсетті. Сахнада өнер көрсеткен барлық өнерпаздарға аудан халқы ризашылық білдірді.