Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Тарбағатай ауданындағы археологиялық зерттеу жұмыстары

    Екпін ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекенінің жанындағы «төрт оба» қорымына Шілікті-Тарбағатай археологиялық экспедициясы келді. Экспедицияны Әбдеш Тәшкенұлы бастап келді. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары басталуда. Бұл қорым 2500 жыл бұрынғы сақ тайпасының патшаларына тиесілі болған.

    Ғалымдардың айтуы бойынша''Алтын адам'' табылуы мүмкін.Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы зерттеу жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Сонымен қатар, алдағы уақытта қорымдардың орынына дала туризм орталығына айландыру жоспарланатыны,зерттеу жұмыстарымен оқушыларды таныстыру ұйымдастырылатынын айтты. Археологиялық зерттеу жұмыстарына''Рухани жаңғыру-Болашаққа бағдар''негізінде облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы облыстық бюджеттен қаржы бөлді.Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы облыс әкіміне алғысын білдірді.