Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Тарбағатай ауданында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті

    ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2018 жылғы 29 мамырда жастар арасында дәстүрлі «Абай оқулары» облыстық байқауын өткізді. Сөз додасы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылындағы мәдениет үйінде болды.

    Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу және көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру болды.

    «Абай оқулары» байқауына өңіріміздің 14 аудан, қаласынан аудандық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

    Облыстық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:

    1) қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындады;

    2) Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзіндіні жатқа оқыды.

    Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, анықтады. Нәтижесінде Бас жүлдені Зайсан ауданының тумасы – Сая Бекбосынова жеңіп алса,  Өскемен қаласынан келген Сабина Серікова 1-орынды, Үржар ауданынан келген Мерғалым Тұрсынбеков 2-орынды иеленді. 3-орынды Семей қаласынан келген Тана Дүйсембаева қанжығасына байлады.  Бұдан басқа, байқауға белсене қатысқан 2 үміткерге грамота беріліп, бағалы сыйлыққа ие болды. Олар: Бақыт Қыдырханова (Ұлан ауданы) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген номинациямен, Глубокое ауданынан келген Ұлпан Қанатова «Қара сөздің қас шебері» атты номинациямен марапатталды.

    Ал қалған үміткерлерге қатысқаны үшін басқарма тарапынан алғысхаттар табысталды.