Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімінң Қызыл Кесік ауылына іс-сапары

    Ағымдағы жылдың 08 маусым күні аудан әкімі Қызыл Кесік ауылында іс-сапармен болып қайтты. Іс-сапар барысында аудан әкімі «Би Боранбай» саябағына барып,  саябақтың аббатандыру жұмыстарымен танысып,20 шырша отырғызу жөнінде тапсырма берді. Ділдәбек Тәжібайұлы ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында ауылға хатымхана қажеттігі және мәдениет үйінің төбесінен су ағып тұрғандығы жөнінде мәселелер көтерілді.Аталған мәселелер бойынша 1 шілдеден бастап мәдениет үйінің төбесін жеке кәсіпкер Нұрлан Садықов жөндейтінін, хатымхана салу жөнінде ауыл халқымен жиналыс өткізіп, және жоспарланған жиналысқа аудан әкіміде қатысатындығын айтты. Сондай-ақ аудан әкімі ауыл мешітіне барып, құран оқытып, хатымхананың орнын белгіледі.Азаматтардың сұрақтарына байланысты жеке қабылдаулар өткізді.Ағымдағы жылы басталған «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай –Боғас 849-860 км»11 шақырымды құрайтын жол жөндеу жұмыстарымен танысып, «жақсы» деген баға берді.Аталған жолды жөндеу жұмыстарын «Зайсан-құрылыс компаниясы» ЖШС атқаруда.Сонымен қатар,бұл компания мешітке дейінгі жолды өз қаражаты есебінен асфальттап беретінін айтты. Аудан әкімі Д.Оразбаев «Зайсан-құрылыс компаниясының» жетекшісі Нұрасылов Болат Икепұлына алғысын білдрді.