Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша хабарландыру

    Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы 2018 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын ­– жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз.
    Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.
    Оқу ұзақтығы – 1 ай. Төртінші кезең бойынша тестілеу 2018 жылғы 09 – 10 тамыз аралығында өтеді. Оқу 2018 жылғы 13 тамыз – 10 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
    Бағдарламаға қатысушыларға стипендия төленеді және оқу курсын бітірушілерге арнайы сертификаттар беріледі.
    Сұрақтар туындаған жағдайда 8/72346/-224-00 байланыс телефонына хабарласып, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Молдабай көшесі 41, 1-2 каб. кеңес алуға болады.