Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Астана-Отанымыздың жүрегі» атты  кітап көрмесі

    Аудандық орталық кітапханада Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астана-Отанымыздың жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Шараның мақсаты - Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату. Көрме «Астана-болашақтың қаласы, ел тәуелсіздігінің ордасы», «Тәуелсіздік тұмары – Астана» «Астана-ұлы дала Елордасы» атты бөлімдерден құралған.

    Көрмеге Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихы мен Астана туралы фотосурет, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын  әдебиеттер қойылды.