Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Астана қаласының 20 жылдығына орай «Қымызмұрындық» фестивалі өтті 

    Ағымдағы жылдың 06 шілде күні Ақсуат ауылында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Қымызмұрындық» фестивалі өтті.

    Шараның мақсаты – ұмыт болып бара жатқан дәстүрімізді жандандыру болып табылады. Фестивалға ауданымыздың 60 – қа жуық шаруа қожалықтары қатысып, 500 литр қымызбен 50 литр шұбат халыққа тегін таратылды. Шара барысында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, ауданымыздың қолөнер шеберлерінің көрмесі көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Мауадинов өз кезегінде тұрғындарды мерекемен құттықтап, әр түрлі салада ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды «Астана қаласының 20 жылдығы» төс белгілерімен, облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапаттады. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.