Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Поэзия кеші өтті                                                 

    Тамыздың бірінші жұлдызында Ақсуат аудандық мәдениет үйінде белгілі ақын Ұзақбек Атанбаевтың 60 жасқа толуына арналған «Отырмын оңашада өлең өріп...» атты шығармашылық кеші болып өтті. Шығармашылық иесіне аудан әкімінің құттықтауын аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы М. Кенжин табыстады. Ақынның шығармашылығы туралы белгілі журналист М.Оралов, «Тарбағатай» газетінің бас редакторы Е.Жұмахан, «Семей таңы» газетінің тілшісі Х.Сәтиев, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Сахариев кеңінен айтып өтті. Шығыс Қазақстан облысы Соттар әкімшісі атынан Тарбағатай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі  Л. Жакилина, Тарбағатай аудандық соты атынан аудандық соттың бас маманы   Д. Бектасова құттықтады.

    Ақынның өлеңдегі достары Ақжар, Маңырақ, Көкжыра, Қумгөл, Ойшіліктен  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше мәрте жыр жинақтарының авторы,  белгілі ақын  Ә.Мәселұлы бастаған, С.Сағдолдин, Қ.Нүсіп, М.Мұқанғалиев,  Ә.Ошанбай, олардың ізін басып келе жатқан  Д.Шідер, Ж.Башық, Р.Кеңесхан,  Ақсуаттық «Жүз өлең» жыр жинағының авторы, Халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері ақын қыздар Г.Әуелхан пен Б.Оралқызын арнау оқыды.

     Ақынның «Өмір осы сан аманат жүктеген» атты кітабынан «Темірқазық» ақындар отауының жас ақындары жыр оқыды. Кешті Ақсуат мәдениет үйінің әртістері А.Халелова, А.Алханова, Ж.Ержүрек, Қ.Жакилин, Ш.Қайырбековалар әнмен әрледі.