Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімінің іс-сапары

    Жақында аудан әкімі Д.Оразбаев Қабанбай, Ақжар, Жетіарал ауылдарына іс-сапармен барып қайтты. Аудан әкімі Қабанбай ауылының тұрғындарымен және ауыл ақсақалдарымен кездесіп, ауылға кіреберіс 5 шақырым  жолдың жөндеу жұмыстарының басталатынын айтты. Сондай-ақ,  республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізетін «China Xinxing Corporation» компаниясының басшысымен кездесіп, кездесу барысында Қабанбай ауылының тұрғындарын аталған жөндеу жұмыстарына қатысып, жұмыспен қамтылуына ұсыныс білдірді. Аудан әкімі Ақжар ауылында санитарлық тазалық, аббатандыру жұмыстары және кәріз жүйесінің құрылыс жұмысымен танысты.

    Жетіарал ауылында ауыл тұрғындарымен кездесіп, кіреберіс 12 шақырым жолдың 5 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып өтті. Жетіарал орта мектебінің аббатандыру жұмыстарына «өте жақсы» деген баға  беріп, мектеп ұжымына алғыс білдірді.