Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Алтын адам» көрмесі

    2018 жылдың 06 тамыз күні Тарбағатай тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражай қорынан «Алтын адам» көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шара Астананың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Көрмеде Есік қорғанынан табылған Алтын киімді сақ жауынгері көрсетілді. Қорған қазбалары Қазақстандағы б.з.д. 5-6 ғасырларда мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер береді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, салтанатты іс-шараға  бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.