Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • ТЖБ ескертеді!!!

    Аудан бойынша ағымдағы кезеңде қысқы мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындары қолда бар малына қатаң мал азығын жинауды бастады. Алайда қатаң мал азығын сақтау барысында ауыл тұрғындары өрт қауіпсіздігі талаптарын ескермейді. Ең өкініштісі көп күнгі еңбегіңді санаулы минуттарда оттың жалмап кеткенінде. Жиналған шөп өрт қаупі өте жоғары болып есептеледі.Статистикаға қарасақ тұрғын үйлердегі жиналған шөптің жануы, көбіне тұрғындардың ашық отты абайсыз пайдалануынан болады, шөп жинау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамайды.Тұрғындар көбіне шөпті моншаның жанына, шаруашылық нысандарына,жол жиегіне және электр желілерінің астына жинайды.Шөпті жинау және сақтау кезінде  балалардың отпен ойнауы себептерінен көп өрт болады.Мысалы: 03/09/2018ж Ақсуат ауылы Молдабай көшесі №79 үй ауласында жаңадан түсірілген шөп өртеніп кетті. Өрттің шығу себебі баланың сіріңке жағып ойнауынан болған.

    Өрттердің алдын алу мақсатында Тарбағатай ауданы ТЖБ мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.

    Өрт қауіпсіздіг талаптарына сәйкес шөптің жиналуы  электрөткізу желілеріне дейінге арақашықтық 15 метрден аспай, жолдарға дейін 20 метрден кем болмауы керек. 

    Қатаң мал азығын дайындау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

    Тарбағатай ауданы ТЖБ бастығы м.а. азаматтық қорғау майоры С.Т.Еңсенов