Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • IT және роботехника кабинеті ашылды

    Ағымдағы жылдың 01 қазанында  Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы және ШҚО әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен қолдау тапқан «Туған мектеп» акциясы аясында, аудан әкімі Д.Оразбаевтың басшылығымен робототехника мен IT-технологияларды меңгеруге бағытталған заманауи кабинеттердің ашылу салтанаттары болып өтті.
    IT және роботехника класстары Екпін ауылындағы Ы.Кәбеков атындағы орта мектебінде, Ырғызбай ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде және Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептерінде салтанатты түрде ашылды. 

    Салтанатты жиынға аудан әкімі Д.Оразбаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев, білім беру бөлімінің басшысы С.Дауытбаева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ұлықбеков, мектеп оқушылары, ұстаздар және ауыл тұрғындары қатысты.
    Аудан әкімі Д.Оразбаев өз құттықтау сөзінде кабинеттердің ашылуына жиналған қауымды ашылумен құттықтады.
    Ауыл тұрғындары, ұстаздар және оқушылар заманауи үлгідегі кабинеттің ашылуына үлкен алғыстарын білдірді.