Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Қарттар күні аталып өтті

    Жуырда ауданымыздың орталығы, Ақсуат ауылында, аудан бойынша дәстүрлі түрде жыл сайынғы «Қарттар күні»мерекесі кең көлемде аталып өтті.

    Іс-шара барысында  аудан әкімі Д.Оразбаев жеке кәсіпкер Г.Құлқаеваның «Өкпеті» қоғамдық тамақтану орнының ашылу салтанатына қатысып, лентасын қиды.

    Сондай-ақ, аудан әкімі ауыл қарттарын мерекесімен құттықтап, мерекелік дастархан жайып, сый-сияпаттармен мараппатады.

    Сонымен қатар,Тарбағатай ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Ақсуат ауылдық округінің бастамасымен қарт аналарымыз бен аталарымыз ұлықталып, арнайы дайындалған ауқымды шараға қатысып,  бірнеше қарттарымыз медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

    Мереке соңы қарттар күніне арналған мерекелік концертке ұласты.