Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің 50 жылдық мерейтойы аталып өтті

    Жақында Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. Айтулы шараға аудан әкімі Д.Оразбаев, аудандық маслихат хатшысы С.Жақаев, сонымен қатар  мектеп түлектері күйші, зерттеуші М.Әбуғазы, Т.Мұқышев, Қ.Омаров, Г.Ноғайбаевалар қатысты.

    Іс-шара барысында жергілікті сазгер К.Әбуғазин мен ҚР Мәдениет қайраткері, мектептің түлегі К.Төленбаевалар атында  домбыра және баян сыныптары ашылды. ҚР Мәдениет қайраткерлері Ә.Магзумов, Р.Ноғайбаев атында мұражай ашылды.

    Қонақтар мен мектеп оқушылары бірлесіп мерекелік концертте өнер көрсетті. Шара соңы мерекелік дастарханға ұласты.