Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Қыстамаға дайындық жұмыстары

    Ауданда 50 мектеп бар, оның 34-і орта, 6 негізгі, 10 бастауыш мектеп, мектептердің 30-типтік үлгіде, 20-бейімделген ғимараттарда орналастырылған.

    Биылғы оқу жылында 17 мектеп көмірмен жылытылатын жылу қазандығымен,  9 -пешпен, 24- электр жылу қазандығымен жылытылады.

    Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелерінің ғимараттарына, жылу қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйелері су қысымымен сыналып актілері жасалынды. Қысқы маусымға дайын.

    Мектептердің қалыпты жұмыс істеуіне өрт қауіпсіздігінің сақталуына 2018 жылы өрт сөндіру құралдарын сатып алуға 80 мың теңге бөлінді.

    Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге, құралдарын сатып алуға 6 585 000 теңге бөлініп, қауіпсіздік ережелерін  сақтау, арнайы оқу ұйымдастыру мақсатында ШҚО төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылау басқармасымен бірлесіп операторлар, от жағушылар, шаруашылық меңгерушілері арнайы оқу курстарынан өткізілді.