Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Берекелі, мерекелі –Алтын күз» атты ертеңгіліктер өтті

    29 қазан- 02 қараша күндері аралығында «Балдырған» ясли-бақшасында «Алтын күз» атты ертеңгіліктер өтті.  Іс-шараның мақсаты күз мезгілінің  ерекшеліктері жайлы балаларға түсіндіру, ән айту, тақпақ айту, би билеу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

    Ертеңгілікке әр топ тәрбиеленушілері жақсы дайындықпен қатысты. Балалар «Күз келгенде», «Күз жомарт» әндерін топтық орындауда шырқаса, Т.Мейіржанқызы  «Күз тамаша» әнін тамылжыта орындады. «Ай-Тұмар» би үйірмесінің биші балалары «Чарльстон», «Қолшатыр», «Күзсыйы», «Балдырған» қазақ билерін биледі.  Балалар күз туралы тақпақтарын үш тілде  жатқа айтып берді.

    «Шалқан» орыс халық ертегісін кейіпкерлендіріп балалар қызыға сомдады. Ата-аналар «Сыйқырлы күз»көрмесін түрлендіріп әр түрлі жемістерден, күзгі жапырақтардан жасалған қол өнерлерін дайындап көрсетіп белсене ат салысты. «Толағай» спорттық үйірмесінің жетекшісі Ә.Қалиоллаевтың дайындаған жаттығуын балалар қызыға орындады. Алдағы күндерде тәрбие үрдісінде балалардың танымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында түрлі шараларды ата-аналар мен бірлесе ұйымдастырылатын болады.