Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Аңсаған ауылым - Ақсуат» атты жыр кеші өтті

    Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, ақын, жерлесіміз Алтыншаш Жақиянованың «Аңсаған ауылым - Ақсуат» атты жыр кеші өтті.

    Ақынның сөзіне жазылған «Сағындым, Әже», «Асыл анам» әндерін Ақсуат мәдениет үйінің әншілері орындап, Ақсуат халық театрының жас өрендері, «Темірқазық» ақындар клубының мүшелері ақын өлеңдерін оқыды.

    Аудан әкімінің орынбасары Қ.Мауадинов А.Жақиянованы құттықтап,  аудан әкімінің құттықтау хатын тапсырды.