Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімінің іс-сапары

    Ағымдағы жылдың 28 қараша күні аудан әкімі Д.Оразбаев  Ойшілік ауылдық округіне қарасты  Айнабастау ауылына іс-сапармен барып қайтты.

    Іс-сапар барысында  Айнабастау ауылында орналасқан бұлақ басына барып,  таза ауыз су тарту жөнінде талқылады және ауыл сыртында орналасқан ұзақтығы 2,5 шақырымды құрайтын дамба жұмысымен танысты.

    Сондай-ақ, Ойшілік фельдшерлік пунктке барып, жүргізілген жұмыстарымен және қыстамаға  дайындықпен танысты.

    Сонымен қатар, «Тоғас батыр» атындағы орта мектебінде болып, мұғалімдермен кездесіп, мектеп ішіндегі робототехника бөлмесін көріп, жұмыс барысымен танысты.