Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Назар аударыңыз! Дауылдық ескерту!

    «Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 қарашада жауын-шашын, кей жерлерде қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде боран, көктайғақ. Жел 15-20 м/с оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысады, жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с, 30 м/с және одан көп. 1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-28 градусқа ейін аяз күтілуде.

    Дауылдық ескерту туралы азаматтар смартфондарына «ШҚО ТЖД ескертеді» және айфонға «ШҚО метео» қосымшасын жүктеп алу арқылы біле алады. Осы қосымшаны жүктеген әр азамат жолдардың ашылу/жабылуы, мектептердегі сабақтың болу/болмауы, дауылдық ескерту, қар көшкіні қаупі  туралы жедел ақпарат аала алады.

    Ұялы қосымшада «SOS» функциясы бар, оны басқан кезде көмекке мұқтаж адамның тұрғын жерінің координатасын анықтауға болады.

    Сондай-ақ жедел ақпарат ШҚО ТЖД ресми сайтында, қала және аудан әкімдерінің сайттарында және смс тарату арқылы шығады.

    ШҚО ТЖД тұрғындарға дауылдық ескерту туралы хабарлама алған кезде елдімекеннен тыс шықпау туралы ескертеді!

    Күтуге болмайтын жағдайда жолға шығатын болсаңыз көліктің жарамдығын тексеріңіз, сондай-ақ техникалық құралдың қыс маусымына дайындығын тексеріңіз. Әрқашан қорда жанармай, күрек, сүйрейтін трос, дәрі қобдишасы, қосымша жылы киім, көрпе, азық-түлік алыңыз.

    Жол жүру қиындаған жағдайда немесе өздігіңізден жүре алмағанда «Казавтодор» 26-28-08 (республиклық маңызы бар жол) және «ОблШығысЖол» 57-42-52 (облыстық маңызы бар жол) хабарласыңыз, олар тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшкен. Жол төсемінің жағдайына аталған инстанциялар жауап береді.

    Жол қызметтерінің дереу жете алмайтынын есте ұстаңыз, сол себепті Сізге қандай да болмасын уақыт көлікте күтуге тура келеді. Уақтылы есікті ашып, түтін құбырын қардан тазалаңыз, көліктің авариялық шамы қосулы болсын. Отынды үнемдеп көлікті жылытып отырыңыз. Аса қажет болсама көлктен шықпаңыз, шыққан кезде алысқа ұзамаңыз. Көліктер жиналып қалған кезде бір-екі машинадан топтасқан дұрыс.

    Үйде болғанда майшам, қолшам, су мен медициналық көмек құралдарын алыңыз. Ауылдық жерде үй жануарларына су мен жем-шөп қорын дайындаңыз.

    Егер де қалыптасқан жағдай адамдардың өмірі мен денсалығына қауіп төндірсе дереу «112» құтқару қызметінің телефон нөміріне қоңырау соғыңыз.

    ШҚО ТЖД