Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Керімсал» атты шығармашылық концерт өтті

    27 қараша күні аудан орталығында қазақ өнеріндегі танымал есім, ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші, жерлесіміз Ж.Құжимановтың  «Керімсал» атты шығармашылық концерті өтті.

    Әнші орындаған халық әні «Екі жирен», Абайдың «Көзімнің қарасы», Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған», «Шалқыма», М.Егінбаевтың  «Сағынышым ауылым» әндерін көрермен қауым ыстық ықыласпен қабылдады.

    Ән кешіне әншінің шашбауын көтеріп Алматы, Астана, Қарағанды, Семей қалаларынан өнердегі достары мен шәкірттері ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Б.Омаров, С.Бөдес, С.Нұрғазин, Д.Ахмадиев, Т.Шакаримов,  інілері Т.Нұртай, Ерлан, Еламан Құжимановтар қатысып ән шырқады.

    Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.