Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған  зияткерлік сайыс өтті

    Аудандық орталық кітапханада 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президент күніне  арналған «Ұлты ұлықтаған-ұлы тұлға» атты зияткерлік сайыс өтті.Бұл зияткерлік сайыстың мақсаты – жастардың  білімдерін шыңдау, патриоттық сезімдерін ояту. Сайысқа  №1 К.Нұрбаев атындағы орта мектептің «Тұлпар» және №2 Ақсуат орта мектебінің «Болашақ» командалары қатысты.  Өзінің ұшқырлығымен, жан – жақтылығымен және білімділігімен жеңімпаз атанған  «Болашақ» командасы  Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мақтау қағазы, сыйлықтарымен марапатталды.