Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Аудандық семинар өтті

    Жақында «Балдырған» ясли-бақшасында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелері арасында өзара тәжірибе алмасу және тәрбиеленушілердің дүние танымын кеңейту арқылы, жан-жақты тәрбие беру мақсатында «Балабақша тәрбиеленушілерінің оқу-тәрбие жұмыстарында танымдық іс-әрекеттерін жан-жақты дамыту» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

    Семинардың ашылу салтанатында балабақша бүлдіршіндері үш тілде тақпақ айтып, ән-би орындап шағын концерт қою арқылы келген қонақтардың көңілін көтерді. Семинар бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған оқу-қызметтері мен үйірме жұмыстары көрсетілді. Семинарды қорытындылау сөз Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.Құрманғалиева және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің  әдіскері Қ.Рахымбаева беріліп, үздік жұмыс көрсеткен педагогтар аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.