Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы

    25-26 желтоқсан күндері Сатпаев ауылындағы С.Сейфуллин және Қ.Қайсенов атындағы орта мектептерінде жыл сайынғы дәстүрлі бүлдіршіндерге арналған аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы болып өтті.

    Аталған шараға  150  бала шақырылды. Олардың арасында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары шақырылды.

    Салтанатты  шараға аудан әкімі Д.Оразбаев, аудандық маслихат хатшысы С.Жақаев, аудан әкімінің орынбасары Қ.Мауадинов  және аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Дауытбаева және ардагер ұстаздар қатысты. Шара барысында Аудан әкімі бүлдіршіндерді келе жатқан 2019 жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
    Аудан әкімі мереке соңында  балаларға бағалы сыйлықтар мен тәттілер салынған қораптар таратты.