Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Супер финал

    Жақында «Ақсуат» мәдениет үйі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жайдарман» ойындарының 2018 жылғы маусымының финалдық ойыны өтті. Ойынға 5 команда қатысты: «Базар» (Көкжыра), «Қызылтас қырандары» (Қызыл кесік), «Өзіміз ғой»(Ақсуат), «Көңілді бұзықтар» (Ақсуат), «Ақсуат құрамасы», (Ақсуат). Жалпы ойын 3 кезеңнен өтті: Сәлемдесу, бейне сайыс және үй тапсырмасы.

    Қазылар алқасының шешімі бойынша:  І орын - «Ақсуат құрамасы», II орын - «Қызылтас қырандары»,  III орын -   «Базар құрамасы» иеленді. «Көрермен көзайымы» номинациясымен «Көңілді бұзықтар» командасы, «Ең үздік әзіл» номинациясын «Өзіміз ғой» командасы  иеленді.

    «Ең үздік ойыншы» номинациясымен «Ақсуат құрамасының» ойыншысы Гайдарұлы Мәди марапатталды.