Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Оқушылар "Балдәурен"оқу-сауықтыру орталығында робототехника бойынша курстардан өтті

    №2 Ақсуат орта мектебінің 8 сынып оқушылары Бейсенғазы Мирас, Шаймуратова Аружан, 9 сынып оқушысы Калелова Малика  «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 20 күнге демалып, әртүрлі сайыстарға қатысып жүлделі оралды.

    Бейсенғазы Мирас мектебіміздегі  «Робототехника» үйірмесінің мүшесі –жаңа модификациялы ІТ  сыныпта  веб-дизайн, роботтық техника, мехатроника  бойынша экзамен тапсырып, курстан өткендігі жөнінде сертификат иеленді. Сонымен қатар патриоттық тәрбие беру байқауларына қатысып, Қазақстандық жас- патриоттар академиясының мүшелігіне қабылданып, төсбелгісі мен куәлігін иеленді. Өзінің білімділігі мен шығармашылық белсенділігінің нәтижесінде Мирас мамыр айына «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына  20 күнге тегін жолдамаға ие болды.

    А.Шаймуратова «Химия-ел ырысы, ғасыр үні!» республикалық жас менделеевшілердің турнирінде өз білімін көрсетіп,   би сайысынан  ІІІ орын иеленді.Малика патриоттық бағыттағы байқауларға қатысып, Қазақстандық жас- патриоттар академиясының мүшелігіне қабылданып, төсбелгісі мен куәлігін иеленді.

    №2 Ақсуат орта мектебінің оқушылары  Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген оқушылар ортасында өз білімдерінің арқасында әртүрлі сайыстардың жеңімпазы атанып қайтты.