Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының ХІІІ -чемпионаты

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен «2019 жылға арналған Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына» сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы және «Шығыс - Алтай» федерациясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1-3 ақпан күндері аралығында Тарбағатай ауданы, Екпін ауылы, «Екпін» ат-шабар ипподромында Тарбағатай ауданы әкімдігі мен аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының ХІІІ- чемпионаты өтті. Ата бабамыздың құсбегілік өнерін кеңінен насихаттап, дәріптеуге арналған бұл чемпионатқа республикамыздың 12 облысынан 42 бүркітшілер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Екі күнге созылған жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Нәтижесінде бірінші орынды Астана қаласынан келген бүркітші С.Күнтуғанұлы иеленіп, қаржылай және заттай сыйлықтармен марапатталды.