Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Арғымақ тектес қазағым, айыл тартар кез келді...»

    Жақында аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдары бойынша «Арғымақ тектес қазағым, айыл тартар кез келді...» атты атқа міну мәдениеті тақырыбын кеңінен қамтыған танымдық диалог алаңы өтті.
    Кешке атбегілер, мұғалімдер, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сахариев бастаған ауыл ақсақалдары, Үржар ауданынан «Шығыс-Алтай» Бүркітшілер Федерациясының Президенті, Қазақстан Республикасының асау үйретуден абсолюттік чемпионы, 2017 жылы Республикалық Бүркітшілер сайысының «Алтын тұғыр» иегері, Үржар ауданының Құрметті азаматы Тәттімбет Кәпұлы, асау үйретуден бас төреші Ерзат Байқадамовтар қатысып қазақтың намысын жанып, рухын көтеретін пікірлерімен бөлісті. Ақсуат мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Т.Шакаримов халық әні «Аңшының әнін», атбегі Қ.Абуғазин Т.Рахимовтың «Ерке жирен» әнін, «Тамшы» балалар театрының мүшесі О.Серікбекұлы жергілікті ақын Ұ.Атанбаевтың «Арғымақ тектес қазағым» өлеңін оқыды.