Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Билер кеңесі» кабинеті ашылды 

             Тарбағатай аудандық соты ғимаратында аудан әкімі Д.Т.Оразбаевтың тікелей демеушілігімен «Билер кеңесі» кабинеті ашылды.

           Шараға аудан әкімі Д.Т.Оразбаев, аудандық маслихаттың хатшысы С.Ә.Жақаев, ауыл әкімі Ғ.Ж.Нұғиев, Ақсуат ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Б.О.Оразғалиев, ауыл ақсақалдары мен ауданның бас имамы А.Қ.Жортымов және БАҚ өкілдері қатысты.

             Сот төрағасы К.М.Садуақасова: - Бүгінгі ашылғалы отырған «Билер кеңсі» кабинеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуын қамтамасыз ететін құқықтық тетік ретінде сот жұмысына үлкен септігін тигізетініне сенім білдіре отырып, аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлына демеушілігі үшін рахмет айтты.

           «Билер кеңесі» кабинетінің ашылу салтанатының лентасын ауданның  құрметті азаматтары Т.Кенжин мен К.Хамзин ақсақалдар қиды.