Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Digital Agent» мобильдік қосымшасын жүктеп ал да, мәселеңді шеш

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықтың алған қызметінің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалау және шағым жасау бойынша «Digital Agent» (Цифрлық агент) мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын.

    Кез келген қызмет алушы смартфонындағы «Play Market» немесе «AppStore» арқылы «Digital Agent» мобильдік қосымшасын жүктеп, тіркеуден өткенсоң, 5 балдық жүйе бойынша көрсетілетін қызметтің сапасын бағалай алады. Сонымен қатар, қызмет алушыларға фото, видеоматериалдар (үлкен кезек, қызметкердің дөрекі іс-қимылы және т.б.) жүктеп, өз ойларын қалдыруға мүмкіндік бар.

    Келіп түскен барлық шағымдар мен ұсыныстар кері байланыс форматында өңделіп, қысқа мерзімде жауапты тұлғалар мәселені шешуге ықпал етеді.