Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Аудандық жәрмеңке өткізілді

    Аудан әкімінің тапсырмасына байланысты 2019 жылдың 06 сәуір күні Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында ауданның барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен  аудандық жәрмеңке өткізілді.

    Жәрмеңкеде саудаланған өнімдер сауда базарлары мен сауда дүкендеріндегі бағадан 10-15 пайыз төмен бағада саудаланды.

    Атап айтқанда, ет өнімдері:  200 кг. жылқы етінің 1 кг. 1400 теңгеден, 4950 кг. ірі қара етінің 1 кг 1300-1400 теңге аралығында, 1040 кг. қой етінің 1 кг. 1300 теңгеден, 15,0 тонна  картоп пен көкөністің 1 кг. 60-70 теңге аралығында саудаланды.  

    Сондай-ақ, нан және сүт өнімдері де халыққа арзан бағада сатылды.