Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Сауатты тұтынушы болыңыз!

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91,  e-mail: oskemen@economy.gov.kz) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелерінтүсіндіреді.

    Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына 2019 жылдың 2 сәуірдегі еңгізілген өзгерістерге байланысты, кейбір тауарлардың қайтару тәртібі өзгереді, атап айтқанда айырбастауға және қайтаруға жатпайтын тауарлар тізіміне ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы енгізілді.Заңның жаңа редакциясының 30 бабына сәйкес:

          1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;

          2) іш киімді;

          3) шұлық-ұйық бұйымдарын;

          4) жануарлар мен өсімдіктерді;

          5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы;

          6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

    Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.

    Заңдағы осы өзгертулер тек қана дұрыс құрылғыларға қатысты екенін атап өту қажет. Зауыттық кемшіліктер немесе ақаулар табылған құрылғылар осы заңның 2 бабыныа сәйкес, тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға (дайындаушыға) тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама жасау) қажет болған кезде – тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.

          Тиісті емес сападағы тауар соған ұқсас жаңа тауарға, яғни бұрын пайдаланылмаған тауарға ауыстырылуға тиіс.

          Егер талап қойылған кезде сатушыда (дайындаушыда) ауыстыруға қажетті тауар болмаса, ауыстыру осындай талап қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізілуге тиіс.

          Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіТабиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, апта сайын (бейсенбі) тұтынушылардың құқықтарын қорғау күніне орайластырылған «Ашық күндер есігін» өткізеді. Барлық тілеушілерге құқықтық кеңестер және ақпараттық материалдар беріледі. Сіздерді Өскемен қаласы, Буров көшесі,20 мекенжайы бойынша, сағат 9.00-18.00 ге дейін тосамыз, тел.61-41-21.