Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Клараның концерті 

    Жақында Ақсуат мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент оркестрінің әншісі, «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» Клара Төленбаева мен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, әнші Медет Салықов жерлестеріне өздерінің «Ақсуат арманым, ақ шуақ таңдарым!» ән кешін өткізді.

    Қазақ өнерінде қос аққудай бірге жүрген Салықовтардың отбасылық ансамблі тыңдаушының құлағының құрышын қандырды. Концертте  Ақсуаттың өнер сахнасынан түлеп ұшқан, бұл күнде Нұр-Сұлтан қаласында Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрының актері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанқалдыбек Төленбаев оқыған «Мұқағали монологы» көрерменге керемет әсер сыйлады.

    Елге келіп шығармашылығымен таныстырып, ауыл көрермендерін тамылжыған өнерімен тәнті еткен Салықовтар отбасына аудан әкімі С.Садуақасовтың алғыс хатын аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев тапсырды.