Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Жыр тағзым 

    Жақында  Жастар жылы аясында Ақсуат аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, Республикалық «Алтын тобылғы» әдеби байқауының Гран-при иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов төсбелгісінің иегері ақын Мерей Қарттың «Тарбағатайға тағзым» атты поэзия кеші болып өтті. Поэзия кеші «Тамшы» балалар театры қойған «Арқыраса арда күреңім...» атты театралды поэтикалық қойылыммен басталды.

    Ақынға аудан әкімі С.Садуақасовтың құттықтауын әкімнің орынбасары Е.Сабырбаев жеткізіп, ақынның иығына шапан жапса, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Мәулітқызы Семей қаласы әкімі Е.Сәлімовтың құттықтауын тапсырды. Өнердегі ағасы ақын С.Жұматов жырдан  шашу арнап, Үштөбелік жерлестері ат мінгізді.
    Кешке арнайы Астанадан келген бүгінгі қазақтың дәстүрлі ән өнерінде жұлдыздай жарқырап жүрген Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Медет Салықов, Жанқалдыбек Төленбаев, Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік  филармониясының дәстүрлі әншісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Берік Омаров пен Әліби Қаниев, аудандық мәдениет үйінің әншілері Т.Шәкәрімов, Г.Жәлелбековалар ақынның туған елге деген сәлемін жеткізді. 
    Ақынның тәрбие алған мектебі «Өкпеті» орта мектебінің директоры, ақын Қ.Ақылбеков, ұстазы С.Құнафин және мектептің жас өрендері ақынның жыр кешіне тамаша сый жасады. М.Қарттың «Қасқыр» атты өлеңіне қойылған қасқыр-кейіпкер монообразын «Тамшы» балалар театрының талантты өнерпазы Аңсар Болатбекұлы шеберлікпен сахналады. Поэзия кешінің соңы Тарбағатай таулары әнімен жалғасты.