Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Кімдер  деректерді беру онлайн-БКМ қолдануға міндетті? 

    «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 27 қарашадағы №1029 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың ішінде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ) қолдану толығымен көшіріліп, жүзеге асырылады. 
    Аталған бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады. 
    Тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдану негізінде 633 қызмет түрі ауысатын болады. 
    Салық төлеушілердің назарына қызмет түрлерінің тізбесі ұлғайтылатынын еске саламыз: 
    - 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі; 
    - 2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызметтүрі; 
    - 2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі. 
    Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн. 
    Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында http://kgd.gov.kz/kk/content/bakylau-kassa-mashinalar.. сілтемесі бойынша орналастырылған. 
    Жоғарыда көрсетілген бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін анықтайтынын атап өтеміз. 
    БКМ қолданутәртібіСалықкодексінің 166-бабымен реттеледі. 
    ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағынасәйкес, ҚазақстанРеспубликасыныңаумағындаақшалайесепайырысуларбақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз. 
    Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан: 
    1) жеке тұлғалар 
    2) адвокаттар мен медиаторлар 
    3) қызметін: 
    патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; 
    ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін; 
    бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; 
    4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі; 
    5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі; 
    6) екінші деңгейдегі банктер босатылады. 
    Бұйрықпен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сайтынан http://kgd.gov.kz. Таныса аласыздар.