Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Азалы  тарихқа- айрықша  тағзым» атты  дөңгелек үстел өтті

    Аудандық  орталық  кітапханада 31  - мамыр  саяси  қуғын- сүргін  құрбандарын  еске алу күнінде «Азалы  тарихқа- айрықша  тағзым» атты  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар журналист М.Оралов,  «Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық  филиалының, партиялық бақылау коммиссиясының төрағасы К. Ілиясов ,  аудандық  аға сот приставы Ұ. Атанбаев , аудандық  қосымша білім беру мекемесінің, №1 К.Нұрбаев   атындағы  орта мектептің, №2   Ақсуат  орта мектебінің     тарих,  әдебиет  пәнінің  мұғалімдері,  тәрбие ісінің орынбасарлары қатысып сол жылдардағы  қасірет пен қайғы, қуғын- сүргін, ашаршылық, қиындықтар туралы әңгімеледі. Жиын барысында  қатысушылар саяси репрессияның зардаптары жайлы бейнеролик тамашалап, «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты кітап көрмесімен танысты.