Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Қазақ ертегілері» атты шығармашылық сайыс өтті

    1-маусым  Халықаралық балалар күні болып саналады. Осы мерекеге орай  Тарбағатай аудандық орталық кітапхананың балалармен  жұмыс бөлімінің ұйымдастырумен «Қазақ ертегілерінен» қойылым көрсету шығармашылық байқауы өткізілді. Сайысқа  аудан  мектептерінен 5-7 жас аралығындағы 40 бала қатысты.

    Сайыс қорытындысы бойынша  бас жүлде  Екпін ауылының «Алдар көсе мен сиқырлы тон»  ертегісіне,  екі  І –орын   Көктүбек ауылының «Маса мен қоян»,Ақсуат ауылының « Мақта қыз бен мысық» ертегісіне, үш ІІ- орын Жәнтікей ауылының «Күшік пен қасқыр», Құмгөл мен Тұғыл ауылының  « Мақта қыз бен мысық», ертегісіне, екі ІІІ- орын Қызыл – кесік ауылының «Үш жалқау»,Сәтбаев ауылының «Түлкі, қойшы,аю»  ертегісіне берілді.Барлық қатысушыларға  сыйлықтар тапсырылды. «Ертегілер елінде»  атты кітап көрмесімен таныстырылды.