Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Салық амнистиясы

    5 қазанда Президент шағын және орта бизнеске салық амнистиясын беруді тапсырған болатын. Бұны жұрт қол соғып, қуана қабылдады. Мемлекеттік кірістер комитеті дереу нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуге кірісіп кетті. Шағын және орта бизнес өкілдеріне түсіндірулер жүргізіліп, 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі қарыздарын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеу керектігін ескертті.

    Наурыз айынан бастап негізгі қарыздың үстіне қосылған өсімпұл мен айыппұлдар ғана есептелмейді. Оның өзі – кәсіпкерлер үшін үлкен жеңілдік.

    Салық төлеушілерге екі жеңілдік қарастырылған
    Бірі – бөліп төлеу, екіншісі – мерзімін ұзарту. Салықтық берешектің мерзімін 6 айға дейін ұзартуға болады. Сонымен қатар салықтық қарызды 3 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік бар. Кесте бойынша ай сайын немесе тоқсан сайын бөліп төлеу қарастырылған. Мұндай жеңілдіктерге қол жеткізу үшін кепілдікке қойылатын мүлкі немесе банктің кепілдігі болу керек.

    Көп жағдайларда мүлік банктердің кепілінде немесе мемлекттік кірістер мекемелерінде болады. Сондықтан, бұл норманны салық төлеушілер барлық жағдайда пайдаланыла алмайды. идеялар мен бастамаларын жүргізуге ғана жағдай жасалады.

    Кімдер рақымшылыққа ілінбейді?
    ·         Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

    ·         Жер қойнауын пайдаланушылар;

    ·         Акциздік өнім өндіретін, яғни арақ-шарап және темекімен айналысатын кәсіпкерлерге салық амнистиясы қолданылмайды.

    ·         Кәсіпкерлік қызметпен немесе жеке өндіріспен айналыспайтын жеке тұлғалар. Бұған дейін болған рақымшылық акцияларында да осы тізімдегілер қатыспаған болатын.

    Айта кету керек, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болған жер қойнауын пайдаланушыларға  салық рақымшылығы қолданылатын болды.

    Ірі салық төлеушілерге кімдердің жататыны жөнінде Салық кодексінің 130-бабы 1-тармағында жазылған.

    ·         Жылдық жиынтық кірісі неғұрлым көптер;

    ·         Тіркелген активтерінің құндық балансының сомасы кемінде 325 000 еселенгендер АЕК (Айлық есептік көрсеткіш);

    ·         Жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер жатады.

    2018 жылғы 14 желтоқсанда Қаржы министрінің №1082 бұйрығымен мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілді. Олардың жалпы саны – 321 кәсіпкерлік. Сілтемесін мақала соңындажариялаймыз. Ірі бизнес өкілдері де мұндай қиыншылыққа тап болуымүмкін. Бірақ, олар сол үшін ғана кәсібін тоқтатпайды. Олардың өздері қарыздарынан құтылуға мүмкіндігі бар.

    Салықтық рахымшылыққа ілігу үшін не істеу керек?
    Мемлекеттік кірістер органдарына тиісті өтінішті жолдап, салықтар бойынша негізгі қарызын ертерек төлеуі қажет. Мемлекетті кірістер мекемелері негізгі салық қарызын төлегендерге, үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешімдерін шығарып отырады.

    Өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару бойынша тікелей жұмысына шамамен 2019 жылдың наурызында кіріседі. Негізгі қарызды төлегендер оған дейін алаңдаудың қажеті жоқ. Міндетті түрде өсімпұл мен айыппұл алынып тасталады. Салық төлеушілер негізгі қарызын, өсімпұл мөлшерінің сомасын анықтау үшін "Салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасында кіріп білуіне болады.