Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Көне Тараз күмбірі» республикалық конкурсы

    Жамбыл облыстық әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласының Баласұғын мәдениет сарайында 30 маусым – 1 шілде күндері Ұлттық домбыра күніне орай  І Республикалық  «Көне Тараз күмбірі» этно-фольклорлық ансамбльдер конкурс-фестивалі өтті. Конкурсқа республиканың түкпір-түкпірінен іріктелген 16 ансамбль қатысты. Атақтары әлемге танымал Алматы облысының «Адырна», «Сазген», Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа», «Қорқыт» сынды ансамбльдерімен қатар Тарбағатай ауданының «Сұлу саз» халықтық ән-би ансамблі осы өнер додасына жергілікті сазгер Қ.Сапоровтың «Тараз толғауы» күйі және Жетісу өңірі күйшілері мен композиторларының шығармаларынан концерт ұсынды.

    Қазақ өнерінің майталмандары композитор, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі Ермұрат Үсенов, композитор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаев, Астана филормониясының дирижері, атақты күйші Дәурен Ғылымовтар қазылық жасаған, құрамдарында 250-ден аса мүшесі бар, домбыраның құлағында ойнайтын күмбір күйшілері мен не түрлі қобыз сарындары әуелеген саз аспаптарының симфониясы сыңғыр қаққан конкурста «Сұлу саз» ансамблі Жамбыл облысы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев» атындағы арнайы сыйлығына ие болды.

    Бұл конкурс бізге ұлтымыздың аспаптарында ойнау шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасудың үлгісін көрсетті. Ансамбль мүшелері домбыра күніне арналған «Домбыра-патиға» қатысты.