Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Жеке тұлғалар салықтарға қарыздары туралы ақпаратты қайдан алуына болады

    Құрметті салық төлеушілер!

    Жеке тұлғаларға негізгі соманы төлегені үшін өсімпұлды есептен шығаруы үшін осы жылдың соңына дейін жүргізілген салықтық рақымшылыққа байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-сайтында www.kgd.gov.kz «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қызметі жұмыс жасайтынын назарыңызға жеткіземіз, ол арқылы сіз өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз (ЖСН) арқылы онлайн режимінде салық қарызының болуы немесе болмауы туралы қажетті ақпаратты ала аласыз.

    Сервиске сілтеме:  http://kgd.gov.kz/kk/app/culs-taxarrear-search-web

    Ағымдағы жылдың соңына дейін өткен жылдардағы салықтардан негізгі қарыздары өтелген жағдайда, есептелген өсімпұлдар есептен шығарылады.

    Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуыңызға болады.

    ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі