Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Суармалы егістікте құнарлы мал азықтық дақылдарды өсіру технологиясы»  тақырыбында семинар өткізілді

    2019 жылдың 13 тамыз күні Құмкөл ауылдық округіне қарасты «Жұман-Ата» шаруа қожалығының егістік алқаптарында «Суармалы егістікте құнарлы мал азықтық дақылдарды өсіру технологиясы» тақырыбында семинар жиын өтті.

    Семинар жиынға «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-нің сынақ орталығының басшысы Т.М. Калихин, білім тарату орталығының басшысы Б.А. Тулегенов, ауылдық округ әкімдері, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, аудандық аумақтық инспекцияның басшылары мен мамандары, шаруашылық құрылым жетекшілері,  баспасөз ақпарат құралдары өкілдері  қатысты.

    Семинар жиында ауданымызда өсірілетін аудандастырылған ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын егу туралы, өсімдік зиянкестерімен және арамшөптерге қарсы күрес жұмыстары, суармалы егістік алқаптарын суару тәсілдері,суару нормасы туралы,топырақтың құнарлығын арттыру жолдары, агротехникалық іс шаралары  туралы кеңінен айтылды. Семинар жиынға қатысушылар суармалы егістік жерлерді игерудің тиімділігін арттыру жөнінде тәжірибе алмасып қайтты. Семинар  жиын жоғары деңгейде өтті.