Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • ХІІ Халықаралық «Шарк тароналари» музыка фестивалі

    25-30 тамыз аралығында Өзбекстан мемлекеті Самарқанд қаласында ХІІ Халықаралық «Шарк тароналари» музыка фестивалі өтті. Фестивальға әлемнің 46 мемлекеті қатысып, ішінен 33 елдің өнерпазы Регистан алаңында өнер көрсету құқығына ие болды. Соның ішінде Тарбағатай ауданы, «Ақсуат мәдениет үйі» жанынан құрылған «Бабалар сазы» этно ансамблі бар.
    Дүниежүзілік шығыс халықтарының музыкалық фестивалінде «Бабалар сазы» этно ансамблі «Орындау шеберлігі» номинациясы бойынша марапатталып, 500 $ көлемінде сыйақы, диплом мен сертификатқа ие болды. Шығыс халықтарының музыкалық мұраларын сақтау және дамыту туралы өткен әлемдік конференцияға дүниежүзінің 80мемлекетінің өкілдері қатысты. Орындаушылық шеберлікті сыннан өткізген қазылар алқасы құрамында Өзбекстан, Тәжікстан мәдениет министрлері мен Әзірбайжан, Ресей, Корея, Қытайдың өнертанушы ғалымдары болды.