Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Тұрғын үйдегі өрттердің көпшілігі жылыту пештерін пайдалану кезінде азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмауынан болып жатады.

    Сіздің үйіңізде жылыту пештерін пайдалану кезінде мына қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:  

    От жағу пеші үшін, әдетте,әр пешке жеке түтін құбырын  қарастыру қажет.

    Оттық торынан бастап аузына дейін  түтін құбырларының ұзындығын 5 м кем емес етіп жасалуы қажет. Шатыр үстінен шығып тұрған жалпы құрылыс биіктігімен тең немесе артық орналастырылған түтін құбырларының биіктігі  жалпақ шатыр үстінен 500 мм кем болмауы қажет. Аралық жабын (төбе) қалыңдығынан 70 мм артық болу қажет. Пеш аралығы мен ғимарат құрылысын тіреуге немесе қатты жақындатуға болмайды; 

    Жанғыш материалдардан жасалған қабырғалар мен аралықтар ойықтарында орнатылған пеш пен құбыр аралығын пештің немесе түтін құбыры бүкіл биіктігіне жайдың шегінде қарастыру қажет. Бұл ретте аралық қалыңдығын аталған қабырғаға немесе аралық қалқа қалыңдығынан кем етпей қабылдау қажет;

    Жабындар, қабырғалар, қалқалар мен аралықтар  арасындағы саңылауларды жанбайтын материалдармен толтыруды қарастыру қажет;  

    Түтін шығарғыштың жоғары жағынан жанғыш материалдардан жасалған төбеге дейінгі ара қашықтығы , төбе жанудан қорғалмаған жағдайда 0,5 м кем болмауы және қорғалған жағдайда 0,4 м кем емес болуы қажет;

    Түтіншығарғыштарды отқа төзімділік шегін 0,75 с және одан артық қамтамасыз етіп, жанбайтын материалдардан жасау қажет.

     

    Пайдалану кезінде:  Түтін шығарғыштар мен пештерді жағу мерзімі басталар алдында, сондай-ақ барлық жылыту мерзімінде үш айда бір реттен кем емес күлден тазартыңыз. Шатырларда түтін каналдары өтетін барлық түтін құбырлары мен қабырғалары ағартылуы қажет. 

     Тыйым салынады:

     - жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды кішкене балаларға тапсыруға;

    - пештің алдындағы бетке отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды қоюға;

    - пешті жандыруға бензин, керосин, дизельді отын және басқа ЖЖС ж ЖС қолдануға.

    Тарбағатай ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры А.Е.Бошаев