Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Мектепке жол» акциясы 

     Жақында Ақсуат ауылында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

    Акция барысында аудан әкімінің орынбасары А.Аққазин құттықтап, көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына оқу жылына қажетті кеңсе заттары және киім-кещекті табыстады. Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сахариев құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге батасын берді.

     Бұл акцияға аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық мекеме-бөлімдер  мен жеке кәсіпкелер өз үлестерін қосты.

    Аудан көлемінде акция аясында жиыны 100 балаға материалыдық көмек көрсетілді.

     Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу, барлық балалардың міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.