Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Салтанатты жиын өткізілді

    Жақында Ақсуат ауылдық мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді. Жиында аудан әкімінің орынбасары А.Аққазин ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап,  бірқатар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

    Елбасының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын жақсартып шағын бизнеспен айналысуына жағдайлар жасау үшін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына көптеген оңтайлы өзгерістер енгізілген болатын.

    Бұл бағдарлама аясында ауданымызда көптеген отбасыларға әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Соның бір дәлелі Конститутция күні мерекесі қарсаңында Еңбек бағдарламасы арқылы Бизнестің жаңа идеясы бағыты бойынша біршама көп балалы отбасылардың әрқайсысына құны 505 000 теңгені құрайтын қайтарымсыз гранттар берілді.

    Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.